Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 ж. 5 желтоқсандағы №1463 «Жедел медициналық көмек және санитарлық авиация нысанында медициналық көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» Қаулысымен бекітілді.
ЕМДЕЛУШІГЕ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ НЕГІЗДЕМЕ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ:
- Уақытында медициналық көмек көрсетілмесе жағдайының ауырлап немесе өліммен аяқталатын өмірге тікелей төнген қауіп.
- Өмірге тікелей қауіп төнбесе, бірақ патологиялық жағдайына қарай кез келген сәтте қауіп төнетін болса.
- Өміріне қауіп төнбейтін жағдай, бірақ айналасындағыларға тікелей қауіп төндірсе.
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҰЙЫМЫНА ШАҚЫРТУ ТҮСКЕНДЕ КЕЛЕСІ МӘЛІМЕТТЕР ЖАЗЫП АЛЫНАДЫ:
- Емделушінің фамилиясы, аты, әкесінің аты, жасы, жынысы.
- Емделушінің жағдайы жөнінде қысқаша мәліметтер және бақытсыз жағдайдың немесе аурудың себептері.
- Нақты мекенжайы мен телефоны, кіреберіс есіктің коды, сонымен қатар емделуші орналасқан жерге жету үшін болжалды мәліметтер.
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМНІҢ ШАҚЫРТУҒА БАРАТЫН БРИГАДАСЫ ЖІБЕРІЛЕДІ:
- Бақытсыз жағдай, жарақат пен улану кезінде емделушілерге жедел медициналық көмек көрсетуге және тасымалдауға .
- Емделушінің өмірі мен денсаулығына және оның жанындағыларға қауіп төндіретін аурулар, соның ішінде психикалық.
- Босану және жүктілік кезіндегі асқынулар.
- Шұғыл медициналық көмекті қажет ететін емделушілерді ауруханаға жеткізу үшін, соның ішінде алғашқы медико-санитарлық көмек ұйымының мамандарының шақыртуымен.
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҰЙЫМЫ БЕРМЕЙДІ:
- Сот-медициналық қорытынды.
- Психоактивті затты қолданған және масаң күйін анықтау үшін медициналық куәландыру қортындысын.
- Жедел жәрдем бригадасының шақыртылғандығы туралы, жедел жәрдем бригадасы қойған диагноз туралы жазбаша анықтамаларды.
КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙЛАРДА ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛМЕЙДІ:
- Кезек күттірмейтін жедел медициналық көмек көрсетуді қажет етпесе.
- Алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету ұйымының жұмыс уақытында өмірге қауіп төндіретін жағдай болмаса және медициналық жәрдем қажет болмаса.
- Емдеу ұйымдары тағайындаған диагностикалық және емдеу шараларын орындау қажет болмағанда.
- Зардап шегушілер, емделушілер мен жүкті әйелдерді шұғыл ауруханаға жеткізу қажеттігі туындамаса, тасымалдауға.
- Сот-наркологиялық, сот-медициналық, сот-психатрия сараптамаларын жүргізу.
- Медициналық ұйымдарда консультациялық көмек.
- Емделушілерді стационардан үйлеріне жеткізуге.
Өміріне қауіп төнген аурумен ауырған емделушіні немесе кәмелетке толмаған тұлғаны жедел медиициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жеткізу кезінде жедел медициналық көмек көрсету ұйымының санитарлық автокөлігіне олардың туысын (бір адамнан артық емес) алуға рұқсат беріледі.