Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық медициналық кезек күттірмейтін жедел жәрдем станциясы» КМК барлық Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Бас станция мына мекенжайда: Қостанай қ., Победы к-сі, 62, 1954 жылы салынған бұрынғы құрылыс тресінің бейімделген типтік ғимаратында орналасқан, жалпы ауданы 538,1 м. Байланыс орталығы және әкімшілік, оның құрамында: бас дәрігер, кадрлар бөлімі, бухгалтерия, заңгер, ұйымдастырушылық-әдістемелік кабинеті мына мекенжайда: Быковский к-сі, 4а, 2 қабат.
2011 жылғы 1 сәуірден бастап «Южная» кіші станциясы іске қосылды, ол Қостанай қаласының №4 емханасында жалға алынған, жалпы ауданы 53,4 шаршы метр болатын үй-жайда орналасқан. Кіші станция қаланың оңтүстік бөлігіне қызмет көрсетеді, максималды қызмет көрсету радиусы 20 км (бір бағытта). Сондай-ақ, Рудный және Арқалық қалаларының жедел медициналық жәрдем ғимараттары облыстық станцияның балансына өтті.
Қызмет көрсетілетін тұрғындардың жалпы саны – 870 301 адам.
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық медициналық кезек күттірмейтін жедел жәрдем станциясы» КМК-да қазіргі уақытта 575 адам жұмыс істейді. Оның ішінде: 16 дәрігер, 262 орта медицина қызметкері, 10 кіші медицина қызметкері, 287 басқа персонал (жүргізушілер, тех.жұмысшылар және т.б.).
- 16 дәрігер, оның ішінде:
- 5 жоғары санатты дәрігер;
- 5 бірінші санатты дәрігер;
262 орта медицина қызметкер, оның ішінде:
- 55 жоғары санатты;
- 13 бірінші санатты;
- 22 екінші санатты.
Күніне Қостанай облысында орташа есеппен 49 бригада жұмыс істейді. Жедел жәрдем бригадалары тәулігіне 1400 шақыруға барады. Бригадалардың санитарлық көлігі 91 автокөліктен тұрады және олар келесі маркалардың автомобильдерімен ұсынылған: навигациялық жүйемен жабдықталған Ford, Mersedes, VolksWagen, Gas 27057 244, Hundai, УАЗ. Барлық шығу бригадалары сенімді байланыс құралдарымен, заманауи медициналық жабдықтармен – дефибрилляторлармен, электрокардиографтармен, пульсоксиметрлермен, глюкометрлермен және кезек күттірмейтін жағдайларды диагностикалау үшін қажетті басқа да жабдықтармен жабдықталған. Жиналмалы сөмкені дәрі-дәрмектермен және керек-жарақтармен жинақтау ең жоғары медициналық талаптарға сәйкес жедел медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Сіздердің денсаулықтарыңызға қамқорлықпен, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық медициналық кезек күттірмейтін жедел жәрдем станциясы» КМК ұжымы.
Қызмет көрсету сапасы туралы тәулік бойы жұмыс жасайтын сенім телефоны
26-53-82 немесе пациенттерге қолдау көрсету және ішкі аудит қызметіне 54-02-87 хабарласыңыз, Саркисян Давид Саркисович, аудит бойынша бас дәрігердің орынбасары.